Хабарландыру
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы әкімдігі Шалғай, Январцев, Чиров, Янайкин, ауылдық округтері аумағындағы ауыл шаруашылығы өндірісін немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі.
Жер телімі нің № |
Жер телімінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы және түрлері, бонитет баллы) |
Көлемі, га |
Жал мерзімі, жыл |
Жер телімінің орналасқан орны (шаруашылық және аудан орталықтарынан орташа қашықтығы) |
1. |
Шалғай ауылдық округі Алқап түрі –егістік |
555,0 |
10 |
Шалғай а/о, аудан орталығы Переметный ауылынан 44 км |
2. |
Январцев ауылдық округі Алқап түрі - егістік |
30,8862 |
10 |
Январцев а/о, аудан орталығы Переметный ауылынан 106 км |
3. |
Чиров ауылдық округі Алқап түрі –егістік |
93,0474 |
10 |
Чиров а/о, аудан орталығы Переметный ауылынан 91 км |
4. |
Янайкин ауылдық округі Алқап түрі – су армалы егістік |
500,0 |
10 |
Янайкин а/о, аудан орталығы Переметный ауылынан 92 км |
Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы өндірісін немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс 2025 жылғы 23 маусым күні сағат 10:00 де келесі мекен - жай бойынша өтеді:
Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 139, мәжіліс залы.
Шарттар мен талаптар – жер телімдері тиімді және ұтымды пайдалану.
Конкурсқа қатысу құжаттары 2025 жылдың желтоқсан айының 29 мамыр -20 маусым күндер аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығымен бекітілген қағидаға көрсетілген талаптарға сәйкес мына мекен-жай бойынша: Батыс-Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Жеңіс көшесі, 137, 8-і кабинет, сағат 9:00 ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін). Байланыс телефон нөмірі: +7 (71130) 22 396, 23 506 қабылданады.