
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының орындалу барысы сараланып, әр сала бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстар талқыланды. Жол инфрақұрылымын жақсарту, көлік тәртібін бақылау және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Қасақана кісі өлтіруге қарсы іс-қимыл жоспары аясында атқарылған жұмыстар мен қылмыстың алдын алу бойынша кешенді шаралар ұсынылды.

Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселесі қаралып, тұрғындарға алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында БАҚ және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмысты жүйелеу мәселесі қозғалды. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру шараларын кеңейту қажеттілігі айтылды.