2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылының ашылу салтанаты.

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылының ашылу салтанаты.
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылының ашылу салтанаты.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау – еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған зор қадам деп атап өтті. Осыған орай, 24 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде «АДАЛ АЗАМАТ – АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ ТАБЫС» атты жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылу шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы орнын айқындау, жұмысшы мамандық иелерін, және маңызын ұлықтау.
Шараның бастамасы ретінде «Алтын дән» атты театрландырылған көрінісі қойылды.
Көріністен киін көрермендер залында әр сала мамандарының салтанатты шеруі өтті. Теміржолшылар, энергетиктер, сатушылар және өзге де мамандық иелері өздерінің кәсіби киімдерімен сахнаға шықты. Әр мамандықтың қоғамдағы маңызы мен тарихы туралы қысқаша баяндалды.
Аудан өнерпаздарының орындауындағы әндер шараның көрігін келтірді.«Еңбектің тері», «Қырманға кел», «Атамекен» әндері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында ауданның еңбек ардагерлеріне, түрлі саланың үздік мамандарына алғыс білдірілді. Олардың қажырлы еңбегі, тәлімгерлік жолы мен жас буынға берген үлгісі ерекше атап өтілді. Еңбекқор адамдардың әрбір қадамы ел дамуының іргетасы екенін ұғындырған шара еңбек адамының мәртебесін асқақтатып, ел бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарды.