Домбыра- қазақ үшін жайғана музыкалық аспап емес, одан әдеқайда биік тұрған киелі құндылық

Домбыра- қазақ үшін жайғана музыкалық аспап емес, одан әдеқайда биік тұрған киелі құндылық
Домбыра- қазақ үшін жайғана музыкалық аспап емес, одан әдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген.
7 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай «Домбырам – асыл мұрам» әдеби –музыкалық композициясы Орталық балалар кітапханасының оқырмандарына оздырылды.
Осы шарада Бәйтерек ауданының балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы Мулдабеков Ермак Өтепұлының шәкірті Лұқпан Ералыхан Әбдімомын Желдібаевтың «Еркесылқым» күйін өзінің қара домбырасының қоңыр үнімен күмбірлете төгіп, балалар назарына орындап берді.
Кітапхана қызметкері Козинова Аягүл Қазбекқызы шара қатысушыларына қос ішекті қара домбыраның үнінде ұлы даланың тамыры, терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар екені жайында және оның тарихынан сыр шерткен атақты күйшілер Байжігіт, Тәттімбет, жерлестеріміз Дәулеткерей,Құрманғазы, Дина, Сейтек туралы ақпараттар беріп өтті.
Шара барысында қойылған сұрақтарға Хасимов Талан, Шакиров Аңсар сынды балалар ұтымды жауап беріп, белсенділік танытты.
Сондай-ақ, балаларға кітапхана қорынан жасақталған «Домбыра - халық даналығы» кітап көрмесі таныстырылып, К.Сахарбаеваның «Домбыра – күй, дәстүр - даму», Қ.Бұғыбаева «Домбыра – дәурен», «Батыс Қазақстан дәстүрлі музыкалық мұрасы» күйтабағы, Т. Бейсембектің «Сиқырлы музыка», т.б кітаптары оқуға ұсынылды.
Қашанда қазақ пен домбыра егіз ұғымға айналып кеткеніне тарих куә. Сол қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үні талай қазаққа рух беріп келеді. Халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа осы бір қасиетті дүниені мирас етіп, атадан балаға аманатқа айналған асыл қазынамызды қастерлеп, құрметтеп әрдайым жоғары бағалап төрімізге іліп қадірлеп жас ұрпаққа танытып, жеткізу қасиетті борышымыз.