Ардақты ағайын! ​Сіздерді мұсылман қауымның қасиетті мерекесі Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Ардақты ағайын! ​Сіздерді мұсылман қауымның қасиетті мерекесі Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Ардақты ағайын!
​Сіздерді мұсылман қауымның қасиетті мерекесі Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – береке мен бірлік, кешірім мен мейірім және қайырымдылықтың айы. Ораза ұстап, жан-тәнді тазарту – мұсылманның бес парызының бірі болса міне, бүгін отыз күн оразаны аяқтап, үлкен қуаныш пен сауапқа кенеліп жатқандардың арасында жерлестеріміз де аз еместігі қуантады. Баршамыздың ниетіміз, игі амалдарымызды Алла Тағала қабыл еткей.
Ораза айт - діни ғұрып ғана емес, ұлттық дәстүрімізбен біте қайнасып кеткен ұлық мейрам. Бұл мереке ұлт пен ұлысты ынтымаққа ұйыстырады. Сондай-ақ иманды күшейтіп, азаматтарымызды қайырымды іс жасауға, туысқа көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге үндейді.
Биыл еліміз үлкен су тасқынына тап болып жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяуда жасаған үндеуіне атап өткендей, мұндай табиғи апат ұзақ жылдан бері болмаған. Төтенше жағдай біздің ауданымызды да айналып өткен жоқ. Қазір су тасқынының екінші толқымен күрес іс-шаралары жүруде. Біздің біраз жерлесіміз ораза ұстап жүргендеріне қарамастан табиғи апатты ауыздықтау бағытындағы жұмыстардың белортасынан табылып жатқаны үшін айтар алғысымыз зор. Осынау қасиетті Ораза айтта еліміздің басына түскен қиыншылықтан тезірек шығуды, зардап шеккендерге жеңілдік болуын, отандастарымыздың есендігін тілейміз!
​Бүгінгі Ораза айт мейрамымен жерлестерімізді құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, сабыр, күш-жігер және барлық жақсылықты тілеймін!
​Алла Тағала баршамызды келесі айтқа бауырымыз бүтін күйде жетуге жазсын!
​Айт қабыл болсын!
Құрметпен, аудан әкімі М.Тоқжанов