«Кішкентай ханшайым - 2023»

«Кішкентай ханшайым - 2023»
«Кішкентай ханшайым - 2023»
Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығына қарасты  Дариян мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 16 мамыр күні «Кішкентай ханшайым - 2023» аудандық байқауы оздырылды. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Байқауға Бәйтерек ауданының ауылдық округтерінен 17 үміткерлер қатысып, бап таланттарын ортаға салды.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Галиев арнайы келіп, бүлдіршіндерді құттықтап тілегін білдірді.
Байқау нәтижесінде жүлделі орындарға ие болғандар:
1. Бас жүлде – Шаймардан Асылзада (Дариян ауылы) – 100 мың тг. сертификат;
2. І орын – Намазова Дария (Трекин ауылы) – 70 мың тг. сертификат;
3. ІІ орын – Мамай Нұрбибі (Мичурин ауылы) – 50 мың тг. сертификат;
4. ІІІ орын – Бахтияр Сезім (Достық ауылы) – 30 мың тг. сертификатқа ие болса, қалған 13 қатысушы түрлі номицияларға иеленіп, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Балалардың өнерін шыңдап, таланттарын танытуға мүмкіндік жасауды мақсат еткен шараның басты демеушісі "Сделай детям добро" қайырымдылық қоры.