"Қазақ аналары-дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы филиалының ұйымдастыруымен "Абысын-ажын" байқау-фестивалінің іріктеу кезеңі Бәйтерек ауданы "Достық" мәдениет үйінде өткізілген болатын, сол байқауға Асан ауылы атынан Рамазановтар әулетінің абысынды-келіндері қатысып, бас жүлдеге ие болып, облысқа жолдама алды.
2023 жылдың 14-15мамыр аралығында "Қазақ аналары-дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы филиалының ұйымдастыруымен І облыстық "Абысын-ажын" байқау-фестивалі өткізілді. Байқауға облысымыздың тоғыз ауданынан өнерлі абысынды-келіндері қатысып бақ сынасты. Барлық қатысушы абысынды-келіндер байқауға жоғарғы деңгейде дайындалған. Байқауға арнайы Астана қаласынан Қазақ аналары дәстүрге жол РҚБ төрайымы және жоба авторы Айнұр ханым Жүгінісова қонақ болып келді. Байқау қорытындысы бойынша Бәйтерек ауданының абысынды-келіндері Айгүл ханымның арнайы сыйлығына ие болып, алғыс хатпен марапатталды