Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен Отан қорғаушылар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Адамзат тарихында өшпес із қалдырған сұрапыл соғыстың аяқталғанына 78 жыл толмақ. Қуаныш пен қайғы жасы қатар келетін Жеңіс күні мерекесі баршамыз үшін өте қастерлі, аса қымбат. Бұл күн - қан майданда парыз бен намысты алға қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлеріміздің және тылда тынымсыз еңбек еткен жандардың ерен ерлігінің, биік рухының мерекесі.
1945 жылдың 9 мамыры – Жеңіс күні біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы. Отан қорғаушылар жасаған ерліктер уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым.
Қымбатты ардагерлер!
Бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түскен, қайғы-қасірет шеккен, адам төзбес ауыртпалық көрген ардагерлердің жанкешті еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа өшпес үлгі-өнеге болып қала бермек. Арамыздағы ардагерлерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын тілеймін.
Құрметпен, аудан әкімі Марат Тоқжанов