Сіздерді татулық пен келісімнің шынайы үлгісіне айналған «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам – қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ұлт пен ұлыстың ынтымағын одан әрі нығайтатын мереке. Бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған ауданымыз жыл өткен сайын көркейіп, кемелденуде, экономикасы өрге басып келеді. Бірқатар маңызды бағыттар бойынша жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізілуде. Осы жетістіктердің бәрінде аудан тұрғындарының татулық пен бірлікке бағытталған қажырлы еңбегі мен ақ ниеті бар.
Ардақты ағайын!
Достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін. Жаңа Қазақстан құру жолындағы ынтымақтастықпен атқарған еңбектеріміз жана берсін!
Мереке құтты болсын!