ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уалиханов атындағы Кадет корпусы оқуға қабылдайды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уалиханов атындағы Кадет корпусы оқуға қабылдайды.

Бүгінгі күні Кадет корпусының кабырғасынан 3000-нан астам кадеттер шығарылды, олар қазіргі уақытта Қарулы Күштер қатарындағы сияқты, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Мемлекеттік күзет қызметінде және елдің басқа да күштік құрылымдарында әскери қызмет өткеруде.

Конкурстық іріктеуден өтіп Кадет корпусына қабылданған жағдайда Сіздердің алдарында келесі келешектер ашылады:

- оқу орынға қабылданған күннен бастап толық мемлекеттік қамтамасыз ету.

- сержанттар құрамының лауазымдарында қызметтік өсуі (8 - денгейлі саты: бөлімше командирінен бастап ҚР ҚК Бас жержантына дейін);

- әртүрлі әскери тектерде қызмет атқару мүмкіндігі (мотоатқыш, десанттық-шабуылдау, барлау, артиллерия, танк және т.б.);

- әскери қызмет атқару барысында, сонымен қатар шетелдегі әскери оқу орындарда біліктілікті жоғарлату мүмкіндігі;

- жоғарғы оқу орындарда оқу төлемақысының 50 % өтеп беру;

- қызметтік үй-жаймен қамтамасыз ету, немесе тұрғын үй төлемдерін ай-сайын жүзеге асыру;

- әскери қызметші мен отбасы мүшелерін тегін медициналық қамтамасыз ету;

- 45-47 жасқа толғаннан кейін зейнетке шығу мүмкіншілік.

Оқу жалпы орта білім базасында өткізіледі (11 сыныптан кейін), оқыту мерзімі – 1 жыл 10 ай.

Оқу уақытында кадеттер толығымен мемлекет қарамағында, оларға ай сайын ақшалай өтемақы (шәкіртақы) төленеді.

Кадет корпусына оқуға мыналар түсе алады:

  • әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы 17 жасқа толған бірақ 22 жастан үлкен емес азаматтар;
  • әскери қызмет өткерген азаматтар және оқуға түсетін жылы 24 жасқа толғанға дейін мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілер;
  • 25 жасқа толғанға дейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер.

ҰБТ сертификаты және талапкерлердің кешенді тестілеу бойынша (КТ) нәтижелері талап етілмейді, тек орташа үлгерім балы 3,5 – тен кем емес. Толық ақпаратпен Бәйтерек ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 871130-22-669 , 8711-22-583 телефондарға қоңырау шалу  арқылы таныса аласыз.