Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерікқали Бисақаев аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 6-тармағына сәйкес, Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 64 қаулысы негізінде Өтемұратов Нұргелді Сүлейменұлы 2020 жылдың 13 наурызынан бастап Бәйтерек аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымынан босатылып, Бәйтерек аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Н.Өтемұратов 1989 жылы дүниеге келген.
Білімі екі жоғары.
2010 жылы Алматы экономика және статистика Академиясын қаржыгер, 2013 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
2008-2010 жж. «Қазақстанның болашағы үшін» Ақтөбе облыстық жастар қозғалысы төрағасының көмекшесі;
2010-2013 жж. Ақтөбе қаласы №6655 әскери бөлімінде келісім шарт негізінде әскери қызметкер;
2015-2017 жж. «Қаратөбе ауданы әкімі аппараты» ММ Персоналды басқару бөлімінің бас маманы;
2017-2018 жж. «Зеленов ауданы әкімінің аппараты» ММ Ұйымдастыру жұмысы, мемлекеттік қызмет мониторингі және бақылау бөлімінің бас инспекторы;
2018-2019 жж Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округі әкімінің орынбасары;
2019-2020 жж Бәйтерек аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
13.03.2020 ж. бастап Бәйтерек аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.