Қадірлі ұстаздар!

Қадірлі ұстаздар!
Қадірлі ұстаздар!
Білім көшін өрге бастап келе жатқан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Шәкірттерін біліммен қанаттандырып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген құрметіміз қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол адамның тұтас тағдыры тәлім берген ұстазына байланысты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында білім мен ғылымды дамыту елдің аса маңызды басымдықтары ретінде көрсетеді. Жолдаудағы "Жайлы мектеп" жобасы, Білім беру гранттары, жеңілдетілген несиелер, "Ұлттық қор" бағдарламасы ұлт болашағын нығайтуда шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Ауданымызда мектептер күрделі жөнделіп, жаңа білім ошақтары бой көтеруде. Және бұл бағыттағы жобалар 2023-2024 жылдары да жалғасын табады. Өз кезегінде педагогтарымыз өздеріне жүктелген сенімді абыроймен ақтап келеді. Оған балаларымыздың жарқын жетістіктері дәлел болуда.
Қымбатты білім саласының қызметкерлері!
Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін! Баршаңызға табысты еңбек, талапты шәкірт тілеймін.
Құрметпен, Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов