Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!
Құрметті аудан тұрғындары!Батыс Қазақстан облысында аймақтық Іскер әйелдер кеңесінің бастамасы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап "Бір ауыл – бір өнім" жобасын құру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның басты міндеті – ауыл әйелдерін бизнеске тарту және қажетті өндірістерді ашу, бұл республикалық пилоттық жоба.
Ағымдағы жылдың 11 тамызында аудан орталығында тек жергілікті өнімнен жасалған перспективалы жобаларды анықтау және іріктеу үшін, оларды одан әрі қолдау, ілгерілету, кәсіпкерді оқыту мақсатында жергілікті өндірушілердің көрмесі өтеді.
Бәйтерек ауданының барлық тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға, "Аrt_voilok_zko" студиясынан тегін мастер-класс көруге, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін сатып алуға және осылайша оларға қолдау көрсетуге шақырамыз.
Өтетін жері Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы, аудандық мәдениет үйі. Басталуы 11: 00