Құрметті ауыл шаруашылық еңбеккерлері!

Құрметті ауыл шаруашылық еңбеккерлері!

Сіздерді кәсіби мереке - ауыл шаруашылығы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Аудан экономикасының тірегі саналатын ауыл шаруашылығы саласының халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыруда орны ерекше.

Соңғы 10 жыл көлемінде аудан бойынша ауыл шаруашылығы малдарының саны өсуде. Сонымен қатар шаруа қожалықтарының да саны артуда. 2010 жылы аудан көлемінде 645 шаруа қожалығы тіркелген болса, бүгінгі күнге олардың саны 1081-ке жетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 39 млрд 761,9 млн. теңгені құрады.

Ауданда 2010 жылы асыл тұқымды мал өсіретін 3 шаруашылық болса, бүгінгі күні олардың саны 36-ға жетіп отыр.

2020 жылы ауыл шаруашылығы саласында 9 млрд 939,2 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылған болса, биылғы жылдың

9 айында 4 млрд 089,9 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды.

Ауданның ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы бағытындағы атқарылып жатырған игі істер, мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті жерлерде іске асып, тұрғындарымыз игілігін көруі Сіздердей азаматтарымыздың қажырлы еңбектерінің жемісі деп білеміз.

Мал шаруашылығы, бау-бақша егумен айналысып отырған жерлестерімізді де аталған мерекемен құттықтай отырып, жерлестерімізге және Маңғыстау облысының тұрғындарына жанашырлық танытып, мал азығымен қолдау көрсеткендеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін.

Құрметті еңбек ардагерлері, ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері, баршаңызды мерекемен құттықтай келе, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толайым табыстар тілеймін.

Мереке құтты болсын!

 

Құрметпен,

Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов