Бәйтерек ауданының тұрғындарының назарына!

Бәйтерек ауданының тұрғындарының назарына!

Шабындық жерлерді, көшені және аула ішін қоқыстан тазалағанда көпшілігі оны жағып жібереді. Сол себептен өрт қауіпсіздік нормалары мен ережелерін бұзып, жақын орналасқан құрылыстар мен үйлерге қауіп туғызады. Сондықтан қоқысты жинап, арнайы жерге шығарып тастауыныз қажет.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқЫқ бұзушылық туралы» Кодекстің «Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау» 336 бабына сәйкес өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған тұлғалар әкімшілік жауапқа айыппұл ретінде тартылады.