Нарықтық экономикада барлық субъектілер бір-біріне бәсекелестер болып табылады.
Осыған байланысты, жабдықтаушылар мен тұтынушылардың арасындағы экономикалық қатынаста бәсекелестік маңызды механизм болып табылады.
Бұл ретте, бәсекелестіктің және жалпы нарықтың жақсы жақтарын атап айтқанда, жағымсыз жақтары бар екені туралы ұмытпау керек.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлер мен азаматтардың адал бәсекелестікпен жозықсыз бәсекелестікті айыра білу маңызды.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс)
177 бабына сәйкес, құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған бәсекелестіктегі кез келген әрекеттер жосықсыз бәсекелестік болып табылады. Жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады.
Осы берілген анықтама негізінде, бәсекелестік жосықсыз болып тынылады, егер: ол заңға қайшы акт болып табылса; ол нақты субъектіге және тұтынушыға залал келтірумен байланысты болсабәсекелестік жозықсыз болып табылады; билік органы қарым-қатынас қатысушысы бола алмайды.
Әрекетсіздік жосықсыз бәсекелестік ретінде сараланбайды, оған нақты субъектінің белсенді әрекетін ғана жатқызуға мүмкін.
Сынымен бірге, Кодекс жосықсыз бәсекелестік фактісі деп танылатын әрекетті шектеп қана қоймайды, сонымен бірге олардың әрқайсысының біліктілігін белгілейді.
Жосықсыз бәсекелестікке мынадай әрекеттер жатады:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ авторлық құқық объектілерін дараландыру құралдарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
2) басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
3) бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу;
4) нарық субъектісінің беделін түсіру;
5) көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама;
6) мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу);
7) бәсекелестің сатушысына (өнім берушісіне) бойкот жасауға шақыру;
8) сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру;
9) нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;
10) сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық;
11) сатып алушының қызметкерін сатып алушылық;
12) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану;
13) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;
14) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасында берілген анықтамаға сәйкес, жосықсыз бәсекелестік ұқсас кәсіпкерлік қызмет жүргізуші адамның және тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым көрсетуге бағытталған теріс пиғылды әрекеттер жасауына, атап айтқанда, тұтынушыларды басқа кәсіпкердің тауар дайындаушы, дайындау мақсаты, әдісі мен орны, сапасы және өзге де қасиеттері жөнінен шатастыру арқылы, тауарларды жарнамалық және өзге де ақпаратта әдепсіздікпен салыстыру, бөтен тауардың сыртқы безендірілуін көшіріп алу арқылы және басқа да әрекеттермен шатастыруына жол бермейтінің білдіреді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 4 тармағы кәсіпкерлік қызмет еркіндігін декларациялаумен қатар жозықсыз бәсекеге тыйым салуды белгілейді. Конституциялық деңгейде тыйым салуды белгілеу жозықсыз бәсеке талаптарын сақтаудың маңыздығы туралы айтады.
Қазақстан Республикасында жосықсыз бәсекелестік әрекетті өз бастамасы бойынша, тұтынушылардың немесе бәсекелестердің өтініші бойынша монополияға қарсы орган анықтай алады.
2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен жосықсыз бәсекелестік фактісі бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына 2 тергеп-тексеру жүргізілді.
Тергеп-тексерулер корытындылары бойынша Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтарды тоқтату немесе олардың зардаптарын жою турыла нұсқамалар шығарылды, сонымен қатар әкімшілік істер қозғалып, жалпы сомасы 798 660 тенгені құрайтын айыпұл түрінде әкімшілік өндірістер жүргізілді.
Жосықсыз бәсекелестік деп анықталған әрекет үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 163 бабының 2 тармағына сәйкес, айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.
Бұл ретте, кәсіпкердің әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестіктің белгілері болған жағдайда монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізбестен оған оның әрекеттерінде бұзушылық белгілері бар екені туралы хабарлама жідереді.
Кәсіпкер 10 жұмыс күн ішінде хабарламада көрсетілген әрекетті тоқтатпаған жағдайда, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.
Егер хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде монополияға қарсы орган сол бір нарық субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) осы баптың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сол бір бұзушылық белгілерін анықтаса, монополияға қарсы орган хабарлама жіберместен, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.
Талдау бөлімінің басшысы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Г.М. Кажиахметова