Электр энергиясын заңсыз өшіру

Электр энергиясын заңсыз өшіру

Батыс Қазақстан облысында энергия  жабдықтаушы және энергия таратушы ұйымдарының  Электр энергиясын пайдалану ережелерін сақтамауы, тұтынушылардың пайдаланылған электр энергиясына тиісті шоттарды төлемегені үшін, ескертусіз, тұтынушыны ажыратып тастау жағдайлары жиілеп кетті.

Теріс әлеуметтік зардаптарды болдырмау және осы Ережелердің талаптарын өзгеше түсінік беру үшін, төмендегідей келесіні түсіндіргім келеді:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығымен бекітілген Энергиямен жабдықтаудың типтік келісімінің 7 тармағына сәйкес: Ішкі қажеттіліктер үшін электр энергиясын тұтынатын тұтынушы төлемді есептік айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді. Айдың 25-ші күнінен кейін төлем болмаған жағдайда, энергия жабдықтаушы немесе энергия тасымалдаушы ұйымдары электр энергиясын толық немесе ішінара беруді тоқтатады.

Бұл жағдайда, тұтынушыны болжалды ажыратылу күнінен кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабардар ету қажет.

Сонымен бірге,  тұтынушының есептік ажыратылу күнінен кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабардар болуы керек екенін білу маңызды. Сондай-ақ, тұтынушы электр қуатын өшірместен бұрын хабарландыру алу керек.

Сонымен қатар, келісімшарттың 7-тармағында көрсетілгендей жоспарланған үзіліс туралы хабарландыру оқиға болғаннан кейін тұтынушыға жіберілуі керек, яғни, ерікті төлем мерзімі аяқталғаннан кейін екенін ескереміз. Осыған байланысты, тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатуға себеп болатын жағдайлар туындағанға дейін, төлем құжаты бойынша, энергиямен жабдықтаушы ұйым шығарған хабарлама талаптарға сәйкес келмейді.

Мысалы, БҚО-ның тұрғыны сәуір айында қолданылатын электр қуаты үшін, 25 мамырдан кешіктірмей төлеуге тиіс, төлем болмаған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы немесе беру ұйымы жазбаша хабарлама (ескерту) жібереді және оны 25 маусымнан кешіктірмей ажыратуға құқылы.

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауды бақылайды. Энергия жабдықтаушы немесе энергия таратушы (энергия өндіруші) ұйымдар арқылы тұтынушыларға электр энергиясын жеткізуді заңсыз тоқтатқан (шектелген) жағдайда, Аумақтық департамент жоспардан тыс тексерулер жүргізуге, кейіннен әкімшілік іс қозғауына және құқық бұзушыны  әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.

«Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-і, БҚО, Орал қаласы, Досмухамедов көшесі, 45 үй, 1 қабат, 102 бөлме. Тел. 8 (7112) 50-31-15; 50-08-95 мекен-жайы бойынша орналасқан.

 

«Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-нің бас маманы А.Б.Гусманова