«Баршаңыздың назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-қимылы

«Баршаңыздың назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-қимылы

Әрбір адам білуге тиісті

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 24 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтар «Баршаңыздың назарына!» дабылы бойынша іс-қимылдарының тәртібін білуге және орындауға» тиісті.  «Баршаныздың назарына!» атты дабыл – сиреналар және өзге де дабыл құралдары арқылы берілетін Азаматтық қорғанысының бірыңғай белгісі. Осы дабыл бойынша халық теледидар, радио және өзге де ақпарат қабылдау құралдарын қосып, берілген ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен тәртіп ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті…»

Радиохабар тарату, теледидар, хабарлаудың жылжымалы құралдары арқылы сөйлем ақпаратты беру, хабарлаудың негізгі әдісі болып табылады. Назар аудару үшін, сөйлем ақпарат беру алдында сиреналар, өндірістік гуіл және өзге де дабыл беру құралдары қосылады, сонымен «БАРШАҢЫЗДЫҢ НАЗАРЫНА!» атты ескерту дабылының қосылғанын білдіреді, сол дабыл бойынша тұрғындар, шұғыл хабарламаны тыңдау үшін, радио- және теледидар қосып, хабар таратудың жергілікті арнасына келтіруге (телеарналар «Хабар», «Қазақстан-Орал», «Қазақстан», ТДК-42 және радиоарналар «Русское радио», «Тенгри-ФМ»), ресми органдарының талаптарын орындауға міндетті.

Төтенше жағдайлардың қауіпі немесе пайда болу кезінде Сізге мамандар, радио мен телехабар жүргізу торабы арқылы қажетті мәліметтерді және әрекет ету тәртібін хабарлайды.

 

Егер, дабыл беру кезінде, Сіз жұмыс орында болсаңыз:

  • Жұмысты тоқтату, жабдықты өшіру.
  • Радио және теледидарды қосып, шұғыл хабарламаны тыңдау.
  • Алған хабарламаға сәйкес, басшылардың нұсқауы бойынша әрекет жасау.

 

Егер, дабыл беру кезінде, Сіз үйде болсаңыз:

  • Радио және теледидарды қосып, шұғыл хабарламаны тыңдау.
  • Алған хабарламаға сәйкес әрекет жасау. Көршілерге хабарлау.

 

Егер, дабыл беру кезінде, Сіз көшеде болсаңыз:

  • Дауыстап сөйлейтін немесе жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдау.
  • Алған хабарламаға сәйкес әрекет жасау.

 

Азаматтық қорғаныстың дабылы бойынша жедел, абыржымай және үрейсіз әрекет етуді, есте сақтаңыз. Қысылтаяң жағдайда әр минутыңыз қымбат.

 

Бәйтерек ауданының ТЖБ-нің  инженері

азаматтық қорғау лейтенанті        Ж. Жасталапов