DoingBusiness - Іс жүзінде жүзеге асыру

DoingBusiness  -  Іс жүзінде жүзеге асыру

Батыс Қазақстан облысының энергетиктері DoingBusiness рейтингінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын электр желілеріне қосылу процесін оңтайландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде(«Бизнес жүргізу»).

Энергия өндіруші, энергия жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар арасындағы туындайтын қатынастар, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының электр энергиясын пайдалану қағидаларымен реттеледі.

Жоғарыда келтірілген ережелерден алынған кейбір үзінділер, осы мақалада біздің облыстың электр энергиясын тұтынушыларына арналған.

Біздің облыстың электр желісіне қол жеткізу үшін, энергия беруші ұйым көп пәтерлі үйлерде тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әр тұтынушыға техникалық шарттар береді.

Көп пәтерлі үйлерде тұратын тұтынушылардың электр желісіне қол жеткізу үшін, энергия беруші ұйым, кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті өкіліне техникалық шарттар береді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 20-бабы 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілген, құрылыс саласындағы лицензиялау рәсімдерін әзірлеуді және дамытуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларда, техникалық сипаттамаларды беру тәртібі, осы Ережемен айқындалады.

Электр желілеріне қосудың техникалық шарттары тұтынушыға еркін нысандағы өтініш және электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру туралы өтінішке сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы) негізінде беріледі.

5 МегаВатт және одан жоғары электр қондырғыларының белгіленген қуаты бар тұтынушылар сауалнама парағына, жобалық қызметпен айналысуға лицензиясы бар,  мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының электрмен жабдықтаудың сыртқы схемасын қосады. Тұтынушының электрмен жабдықтаудың сыртқы схемасы, қосылу жоспарланып отырған энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.

Энергия беруші ұйым, қосылуға арналған техникалық шарттарды келесі жағдайларда береді:

  • жаңадан пайдалануға берілген немесе қайта жаңартылған электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне қосу;
  • бұрын шығарылған техникалық шарттарда көрсетілген қуаттан, электр қуатын тұтынуды арттыру;
  • сыртқы электрмен жабдықтау схемасындағы өзгерістер;
  • электр энергиясын тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділік санатындағы өзгерістер.

Энергия беруші ұйым тұтынушыдан кез-келген нысанда өтініш алғаннан кейін, 5 (бес) жұмыс күні ішінде жаңадан пайдалануға берілген немесе қайта жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттарды, сонымен бірге, жасалған және қол қойылған электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісімен, тұтынушының қосылу схемасымен бірге береді.

Сараптама жүргізу талаптарының алынып тасталуы, сыртқы жұмыстар аяқталғаннан кейін, электр желілеріне қосылу үшін, рәсімдер санын, шығындар мен уақытты азайтуға көмектеседі. Енді сараптаманы жүргізетін сарапшылардан гөрі, ашық ауада жұмыс істеуге жалданған жеке мердігерлер сапа стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етуге жауап береді және желілік компаниялар барлық белгіленген стандарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін, орындалған жұмыстарды тексереді.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті коммуналдық қызметтерді бес күн ішінде кернеуі 200 кВт ч немесе одан төмен қосылыстарға техникалық шарттар беруге және бекітуге міндеттейтін реформалар жүргізді және жаңа мерзімге сәйкес келмейтін коммуналдық қызметтер үшін айыппұл енгізді. Осы талаптарды орындау үшін, БҚО электр беру ұйымдары техникалық шарттарды бекіту процесін оңтайландырды.

Тұтынушылардан, БҚО электр желілеріне байланысты «қиындықтар» туындаған жағдайда және барлық қолданыстағы сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментіне мекен-жайы: Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45 үй, 102 бөлме немесе электрондық поштасы - zko.kaenk@energo.gov.kz. хабарласуын сұраймыз.

 

«Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрлігі
 Атомдық және энергетикалық қадағалау
және бақылау комитетінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша
 аумақтық департаменті»ММ –нің әдіскері                               Р.Х.Макулбаев