Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы аумағындағы шектеу шараларын күшейту туралы

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы аумағындағы шектеу шараларын күшейту туралы

БАС МЕМЛЕКЕТТІК                                                   ГЛАВНЫЙ САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ                                                                  ГОСУДАРСТВЕННЫЙ

                                                                                   САНИТАРНЫЙ ВРАЧ

ҚАУЛЫ                                                   ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

12 қаңтар 2021 жыл_№ 1                                                    

 Переметное ауылы

 

Батыс Қазақстан облысы

Бәйтерек ауданы аумағындағы

шектеу шараларын күшейту туралы

 

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Кодексінің 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, "құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V Заңының 65-бабын, "санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № 78/2020, өмірді қорғау мақсатында, Бәйтерек ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция (бұдан әрі - КВИ) ауруының таралуына жол бермеу мақсатында және ауданының аумағында (қызыл аймақта) қалыптасқан  эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

2021 жылғы 13 қаңтардан бастап Бәйтерек ауданы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін. 

  1. Бәйтерек ауданының әкімі, полиция бөлімі, ұйым басшылары қамтамасыз етсін:

1) Жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеу:

- коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80% - ын "қашықтықтан" жұмыс нысанына ауыстыруға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50% - ын "қашықтықтан" жұмыс түріне ауыстыру; жиналыстарды, кеңестерді, кездесулерді, семинарларды, конференцияларды тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу. "Қашықтан" жұмыс түріне бірінші кезекте 50 жастан асқан қызметкерлерді ауыстыру.

2) Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

3) Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық ұйымдарда, медициналық-әлеуметтік объектілерде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, карантин және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау

4) Мониторингтік топтардың жұмысын күшейту:

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі шектеу  шараларын сақтау бойынша бақылауды күшейту, санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау, оның ішінде:

- Сауда объектілерінде;

- Барлық типтегі нарықтар;

- Сауда үйлері;

- Қоғамдық тамақтану объектілерінде;

- Бәйтерек ауданы аумағындағы демалыс базаларында;

- Қоғамдық көліктерде;

 

  1. Ішкі саясат бөлімі, ауылдық округ әкімдері, білім бөлімі, кәсіпкерлер палатасының филиалы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қамтамасыз етсін:

Халық арасында, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан объектілерде шектеу шараларының түсіндірмелерін жүргізу.

  1. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап заңды күшіне енеді.

 

Бәйтерек ауданының бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері_____________________________________Умбеталиев А.М.