Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылыс саласы – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды орын алатын жауапты сала. Бүгінгі таңда ауданымыздың көркеюі мен елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға құрылысшылардың еңбегі зор үлес қосып келеді.
Сіздердің маңдай термен атқарған еңбектеріңіз – жаңа нысандардың бой көтеруіне, тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруына және туған өлкенің ажарлануына негіз болады. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Жаңа жобалар мен биік белестерді бағындырып, ауданымыздың дамуына қосар үлестеріңіз арта берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті, іргетасыңыз берік болсын!
Құрметпен,
Бәйтерек ауданының әкімі
МАРАТ ТОҚЖАНОВ