БЕЛЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БЕЛЕС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

5 шілде күні өткен ауыл әкімдерінің сайлауының қорытындысына сәйкес Бақытгүл Батырбекқызы Жүнісова Белес ауылдық округінің әкімі болып қайта тағайындалды.
Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Ерлан Галиев ауылдық округ активімен кездесіп, сайлау қорытындысын таныстырып, жаңадан тағайындалған әкімге сәттілік тіледі.
Ұзақ жылдар бойы ауылдық округ әкімдігі аппаратында еңбек етіп, кейінгі төрт жылда ауыл әкімі қызметін абыроймен атқарған Бақытгүл Батырбекқызы тұрғындардың сеніміне қайта ие болды. Кездесу барысында оның ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі атап өтілді.
Өз сөзінде Бақытгүл Батырбекқызы көрсетілген сенім үшін ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, алдағы уақытта да елді мекеннің өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратынын жеткізді.