БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА «АЛТЫН БЕЛГІ» ТАБЫСТАЛДЫ

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА «АЛТЫН БЕЛГІ» ТАБЫСТАЛДЫ

 
Бүгін Бәйтерек ауданында 2025–2026 оқу жылының үздік түлектеріне арналған «Алтын белгі» иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биыл аудан бойынша 40 мектеп түлегі «Алтын белгі» төсбелгісіне ие болып, көп жылғы қажырлы еңбегі мен үздік білімінің нәтижесін дәлелдеді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Марат Тоқжанов қатысып, үздік түлектерді айтулы жетістіктерімен құттықтап, алдағы өмір жолында сәттілік, биік белестер мен толағай табыстар тіледі. Сондай-ақ олардың жетістігі – ұстаздардың табанды еңбегі мен ата-аналардың өнегелі тәрбиесінің жемісі екенін ерекше атап өтті.
Марапаттау рәсімі жас таланттардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасып, мерекелік көңіл күйге ұласты.
Жас түлектерімізге жарқын болашақ, биік мақсаттар мен жаңа жеңістер тілейміз!