2026 жылғы 17 маусымда Бәйтерек ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында мал ұрлығының алдын алу, мал бағымын ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және айыппұл тұрақтарының жұмысы мәселелері қаралды. Сонымен қатар нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытындағы жұмыстардың жай-күйі талқыланып, профилактикалық шаралардың тиімділігі сараланды.
Күн тәртібінде отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мәселелері де кеңінен қарастырылды. Сондай-ақ жыныстық қол сұғушылық пен өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024–2026 жылдарға арналған ведомстволық бағдарламаның орындалу барысы тыңдалды.
Отырыс қорытындысында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша нақты міндеттер белгіленіп, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.