2026 жылғы 5 маусым күні Байқоныс ауылдық клубында композитор, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Латиф Абдулхайұлы Хамидидің 120 жылдық мерейтойына арналған "Вокал:даму,тәжірибе, шеберлік" аудандық семинары өткізілді. Семинардың мақсаты- вокал өнеріндегі өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және үйірме жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыру.
Семинарды ұйымдастыру барысы алдын ала жоспарланған бағдарлама бойынша өткізілді.
- Клуб үйірмелерінің жұмыстарымен таныстыру - А.Е.Сидорова.
-" "Айналайын" балалар ансамблі үйірмесінің жұмыстарын таныстыру және балаларға вокал өнерін меңгерту " шеберлік сағаты- К.У. Қондыкерова.
-"Вокалдық өнердің негізгі қырлары бойынша бағыт - бағдар беру" шеберлік сағаты - И.Ю.Шмидт.
Семинарды А.Е.Сидорова үйірмелердің жұмыстарын таныстырумен бастады. Сондай ақ, К.У.Қондыкерова өз кезегінде балалардың әуенді есту және қайталау қабілетін тексеріп, дауыс жаттығуларын жасатып, ән айтқан кезде тыныс алудың дұрыс орындалуын қадағалау керек екендігін айта кетіп, тыныс алу техникасын көрсетіп жаттықтырды және сахна мәдениетіне көңіл бөлу керектігін де ескертті. Сонымен қатар әр баланың қолына әртүрлі аспаптарды беріп, өздеріне аспаптарды ойнатып, ән орындатты.
Семинарға қатысушылар көп жылдардан бері мәдениет, өнер саласында қызмет етіп жүрген И.Ю.Шмидттің шеберлік сағатында көп нәрседен хабардар болды. И.Ю.Шмидт өзінің шеберлік сағатында ән айту кезінде дұрыс тыныс алу техникасын, демді терең ішке ұстап тұру, белгілі бір уақытта бірқалыпты жіберу жолдарын түсіндірді. Сондай ақ, аспаптың сүйемелдеуімен қатысушыларға до, ре, ми, фа, соль, ля, си дыбыстарын айтқызып, вокалдық есту қабілеті мен дәл қайталау дағдыларын дұрыс қоя білу үшін жаттығулар жасатты және басқа да жаттығулар жасатып, көптеген мәліметтер берді. И.Ю.Шмидт шеберлік сағатының соңында "Орал -асыл қалам" әнін асаппен сүйемелдеп бірнеше рет жаттықтырып, ән орындау кезінде сақталатын тыныс алу, және дауыс қою дағдыларын қолданып,әннің әуенді, ырғақтық ерекшеліктерін меңгертіп, соңында барлық қатысушыларға бірге орындатты.
Қатысушылар тәжірибе алмасу кезеңінде өздерінің сұрақтарын қойып,әріптестердің тәжірибесімен бөлісіп,өз ойларын ортаға салды. Семинар ұйымдастырушылар әріптестерге тренингтер өткізді. Өткізілген тренингтер әріптестер арасында сыйластық қарым қатынас орнату, бір -біріне жылы сөз айтып, тілекші болу және шығармашылық байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылды. Тренингтерден кейін семинарға қатысушыларға аудандық мәдени -демалыс орталығының көркемдік жетекшісі Ж.М.Болатұлы сертификат ұсынып, шараның ұйымдастыру деңгейіне өзіндік оң бағасын берді.
Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушы әріптестер "Өнер - өмір көркі, вокал - жүрек үні" концертін тамашалады. Концертте " Көңілашар" әжелер ансамблі, "Вёселый Хуторок" вокалдық тобы, "Абзал ағалар"клубының мүшелері И.Құспанов, С.Құспанов, "Айналайын" балалар ансамблі және "Арман" вокалдық аспаптар ансамблдері өнер көрсетті. Ұйымдастырылған семинар жоғары деңгейде өткізіліп, семинарға қатысушы әріптестер де біраз тәжірибе жинақтап, алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы жұмыстарына жаңа идеялар мен тың серпін алып тарқасты.