Бүгін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің орынбасары Е. Галиевтің төрағалығымен мүгедектігі бар азаматтармен кездесу өтті.
«Заң және тәртіп», «Адал азамат» қағидаттары тақырыбында өткен жиында мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары, қолданыстағы бағдарламалар мен олардың қолжетімділігі жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Сондай-ақ аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуге Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж. Абдолов, «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж. Қожжанов және аудандық қоғам мүшелері қатысты.
Шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, ашық пікір алмасу өтті.