«ALASH» этно-фольклорлық ансамблі өз өнерлерімен тәнті етті
Көрермендерге ұлттық өнердің терең тынысын сездірген «ALASH» этно-фольклорлық ансамблі өз өнерлерімен тәнті етті. Күмбірлеген күй, әуезді ән мен дәстүрлі нақыштағы орындаулар кештің көркін аша түсті.
Әрбір қойылым көрерменді қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани мұрасына жетелеп, ұмытылмас әсер сыйлады.
Осындай тағылымы мол кеш сыйлаған «ALASH» этно-фольклорлық ансамбліне алғыс білдіреміз!