
Құрметті тыл ардагерлері мен аудан тұрғындары!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Жеңіс күні баршамыз үшін ұлы мейрам болып табылатыны сөзсіз. Бұл мереке – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің, тылдағы тынымсыз еңбектің, халқымыздың даңқының жарқын көрінісі. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еліміздің өркендеуі осынау ата-әжелеріміздің, әке-аналарымыздың ерлігі. Сол үшін де ардагерлерімізге басымызды иіп тағзым етеміз.
Біз -“Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды” деген ұранды ұстанған елміз. Жаңа буын жас ұрпақ аға буын ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан, батырлық пен батылдықтан үлгі алып бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың ұмытылмас тарихы болып қала бермек.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат тілеймін!
Егемен еліміздің көк байрағы биіктен желбірей берсін!
Ізгі тілекпен, аудан әкімі Марат ТОҚЖАНОВ