«Таза Қазақстан» акциясы

«Таза Қазақстан» акциясы
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 2026 жылғы 18 сәуір күні сағат 10:00-де Бәйтерек ауданының барлық ауылдық округтерінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылады.
Аталған шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің көркін арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тазалық – әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігінен басталатын маңызды құндылық. Барша аудан тұрғындарын сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз!