БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ ПЕРЕМЕТНЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ 2026 ЖЫЛҒЫ 17 МАМЫРҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ ПЕРЕМЕТНЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ 2026 ЖЫЛҒЫ 17 МАМЫРҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізуге орай отырыс өткізді. Отырысқа комиссия мүшелері, "AMANAT" партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрағасы Б.Ахметжанова, аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінің және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық өкілдері қатысты. Комиссия отырысында Переметный ауылдық округінде сайлау округін құру туралы және Переметный ауылдық округі әкімінің сайлауын 2026 жылғы 17 мамырға тағайындау туралы комиссия қаулылары қабылданды. Ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау қаулысына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 9 сәуірден 21сәуір күнгі сағат 18.00-ге дейін ауылдық округ әкіміне кандидаттардың құжаттарын қабылдайды. Кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылғы 26 сәуір күні сағат 18.00 -де аяқталады. 2026 жылғы 26 сәуір күні сағат 18.00-ден кейін кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталады және 2026 жылғы 16 мамыр күні 00.00 сағатта аяқталады. 2026 жылғы 16 мамыр - тыныштық күні.
Переметный ауылдық округі бойынша №155, 156, 157, 158, 159 учаскелік сайлау комиссиялары 2026 жылғы 26 сәуірден бастап жұмысына кіріседі