БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДА «ЦИФРЛЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ» МОДУЛІН ЕНГІЗУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Бәйтерек ауданы, Переметный ауылында «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі негізінде әзірленген ауылдық округ әкімдерінің «Цифрлық жұмыс орны» модулін енгізу және қолдану мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Бәйтерек және Тасқала аудандарының ауылдық округ әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары, мансап орталығы мен отбасын қолдау орталықтарының жетекшілері қатысты. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ерсайынұлы Галиев төрағалық етті.
Кеңес барысында әлеуметтік қолдау көрсету, атаулы әлеуметтік көмекті тиімді ұйымдастыру, «Отбасының цифрлық картасындағы» D және E санатындағы отбасылар санын азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту бағытындағы өзекті мәселелер жан-жақты қаралды. Сонымен қатар «Цифрлық жұмыс орны» модулін іске қосу және оны тәжірибеде қолдану тетіктері түсіндіріліп, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібіне енгізілетін өзгерістер талқыланды.
Жиында Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Т. Абуов, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы А.А. Есенғалиева мен аталған бөлімнің бас маманы Г. Қ.Нуриденова қатысып, «Отбасының цифрлық картасындағы» D және E санатындағы отбасылар санын төмендету, сондай-ақ «Цифрлық жұмыс орны» модулін іске қосу және тиімді пайдалану бағытында мазмұнды баяндамалар жасады.
Сала мамандары қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.
Семинар-кеңес қорытындысында аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу, цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру бойынша нақты міндеттер айқындалды.