Бәйтерек ауданында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы аудан әкімінің орынбасары Ерлан Галиевтің төрағалығымен өтті.
Отырыста мектеп жасындағы балалардың сабаққа қатыспау себептері жан-жақты талқыланды. Әрбір жағдай бойынша нақты деректер тыңдалып, балалардың білім алуына кедергі келтіретін әлеуметтік, тұрмыстық және психологиялық факторлар сарапталды.
Сонымен қатар ата-аналардың жауапкершілігі, білім беру ұйымдарының жұмысы және мүдделі мекемелердің өзара іс-қимылы қарастырылды. Балалардың білім алу құқығын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың толыққанды дамуына жағдай жасау бағытында нақты ұсыныстар мен тиісті шешімдер қабылданды.
Жиын барысында ата-аналарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабы талаптары түсіндіріліп, жауапкершілік шаралары туралы ескертілді.
Комиссия тарапынан тиісті органдарға нақты тапсырмалар беріліп, әрбір жағдай тұрақты бақылауға алынды.