«САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛЬі – БӘЙТЕРЕК ТӨРІНДЕ!

«САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛЬі – БӘЙТЕРЕК ТӨРІНДЕ!
«САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛЬі – БӘЙТЕРЕК ТӨРІНДЕ!
18 сәуір күні Дариян ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамбльі көрермен назарына ерекше концерттік бағдарлама ұсынады.
Аталған кеш ансамбльдің 70 жылдық мерейтойына және Халықаралық би күніне арналады.
1955 жылы құрылған ұжым – ұлттық хореография өнерінің алтын қорына енген, қазақ би өнерін әлемдік деңгейде танытқан шығармашылық ұжымдардың бірі. Ансамбль сахнасында қазақтың кәсіби би өнерінің негізін қалаушылардың бірі Шара Жиенқұлова өнер көрсетіп, оның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан.
Бүгінде «Салтанат» ансамбльі классикалық би мектебі мен халықтық би фольклорын ұштастыра отырып, ұлттық өнердің терең мазмұны мен сұлулығын жоғары деңгейде паш етіп келеді. Аталған ұжым Қытай, Түркия, Ресей, Италия, Франция, Болгария сынды бірқатар мемлекеттерде өнер көрсетіп, халықаралық деңгейде зор қошеметке ие болған.
Айта кету керек, бұл – аудан әкімі Марат Тоқжановтың шақыртуымен ұйымдастырылып отырған ансамбльдің аудан жеріндегі алғашқы гастрольдік сапары.
Көрермен қауымын ұлттық би өнерінің үздік үлгілері ұсынылатын, тағылымы мол, мазмұнды кештен қалыс қалмауға шақырамыз. Бұл – рухани байлық пен өнердің шынайы салтанатын сезінетін ерекше мүмкіндік!
📍 Өтетін орны: Дариян мәдениет үйі
📅 Күні: 18 сәуір 2026 жыл
💃🏻Мерекелік концертте өздеріңізді күтеміз!