
Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары!
Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Сіздерге Бәйтерек ауданы бойынша жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарды қолдау мақсатында абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Инватакси қызметтері ұсынылатынын хабарлайды.
Аталған қызметті төмендегі санаттағы адамдар ала алады:
- Арбадағы мүгедектігі бар адамдар;
- Тірек қимыл аппараты бұзылған І топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- Көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар;
- І топтағы мүгедектігі бар балалар;
- 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдар;
Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі:
- Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;
- Оқу орны;
- Жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
- Сот, прокуратура;
- Әлеуметтік сала объектілері;
- Заңгерлік мекемелер;
- Нотариус;
- Медициналық мекемелер (жедел медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда)
- Әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;
- Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар;
Бәйтерек ауданы бойынша «Белый Парус» МҚБ инватакси қызметін көрсетеді. (Қажетті құжаттар: жеке куәлік, мүгедектік туралы анықтама, 026 нысандағы анықтама)
Барлық сұрақтар бойынша 8-707-161-33-95 хабарласуларыңыз сұралады.