ҚР Қарулы Күштері құрамындағы бітімгерлік батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толуына орай Бәйтерек ауданында еске алу іс-шарасы өтті.

Алдымен Жеңіс саябағында тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарған жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды. Жиналған қауым батырлардың ерлігіне тағзым етіп, олардың Отан алдындағы адал қызметін құрметпен еске алды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Е. Галиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Өтешов, «Amanat» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрайымы Б. Ахметжанова, сондай-ақ ардагерлер мен қоғам белсенділері мен жастар қатысты.
Еске алу рәсімінен кейін мерекелік концерт аудандық мәдениет үйінде жалғасын тауып, батырларға деген құрмет пен алғыс сезімі сахна төрінде көрініс тапты.
Мұндай тағылымды шаралардың басты мақсаты – ел тыныштығы жолында қызмет еткен жауынгерлердің ерлігін ұлықтау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.