ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Бәйтерек ауданының Дариян ауылының тұрғындары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Бәйтерек ауданының Дариян ауылының бөлімінде 2026 жылдың 20 ақпанынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті міндетті брондау енгізілетінін хабарлаймыз.

Аталған шара мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ халық үшін кезектер мен қолайсыздықтардың алыдн алу мақсатында қажет.

Талондарды әртүрлі арналар арқылы брондау тәртібі

  1. Egov.kz порталы арқылы 
  2. ХҚКО (eGov mobile) мобильді қосымшасы арқылы

Бірыңғай электрондық кезек талондарын брондау алгоритмі

Талондарды әртүрлі арналар арқылы брондау тәртібі 

1.ХҚКО мобильдік қосымшасы, eGov mobile арқылы:

Көрсетілетін қызметті алушы мобильдік қосымшаға тіркеліп, баруды жоспарлап отырған филиалды, филиалдың бөлімшесін таңдайды. Қолжетімді уақыт интервалына сәйкес келетін қалаған күні мен уақытты көрсетеді. Брондау талоны туралы растаманы (күнімен және уақытпен) 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы алады.

2.Egov.kz порталы арқылы:

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ немесе басқа да сәйкестендіру деректерін пайдалана отырып Egov.kz порталы сайтына кіреді. Баруды жоспарлап отырған филиалды, филиалдың бөлімшесін таңдайды. Баратын күні мен уақытын көрсетеді. Брондау талоны туралы растаманы (күнімен және уақытпен) 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы алады.