КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ


Бәйтерек ауданында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шаралар ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Зерделеу барысында Январцев, Рубежин, Құрманғазы, Сұлукөл, Чиров және Раздольный ауылдық округтерінің су тасқынына қарсы бағытталған күштері мен құралдарының дайындық деңгейі тексерілді. Техникалардың жарамдылығы, жеке құрамның әзірлігі және жедел әрекет ету мүмкіндіктері жан-жақты қаралды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, дайындық шараларын күшейту бағытында нақты ұсыныстар айтылды. Су тасқыны кезеңінің алдын алу жұмыстары тиісті мекемелердің тұрақты бақылауында болады.