Маңызды жиынға аудан әкімі М. Тоқжанов төрағалық етіп, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, бөлімдер мен мекемелер жетекшілері, ауылдық округ әкімдері, партия және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан аудан басшысы елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың маңызына тоқталып, жаңа Ата Заңның басты мақсаты – әділетті, адамға бағдарланған және тиімді мемлекет қалыптастыру екенін атап өтті. Сондай-ақ, реформалардың мазмұнын тұрғындарға кеңінен түсіндіру – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін жеткізді.
Алқа отырысында «AMANAT» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрайымы Б. Ахметжанова сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасының ашық әрі халыққа түсінікті тілде әзірленгенін айтты. Оның пікірінше, қоғам өкілдерінің талқылауға белсенді қатысуы мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайта түсті.
Білім саласы атынан Дариян ауылдық округі, Абай атындағы МГИ директоры Ш.Өмірзақова жаңа Конституция қағидаттарының жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне тоқталып, әр балаға тең мүмкіндік беру – басты құндылықтардың бірі екенін атап өтті.
Сонымен қатар жиында мәдениет саласының өкілі, “Шың” драма театрының режиссері Ә. Жанәбіл, «Яңарыш» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ю.Яфарова және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Сағынұлы сөз сөйлеп, конституциялық реформаларды қолдайтындарын білдірді. Спикерлер жаңа Конституция ел бірлігін нығайтып, қоғамның дамуына тың серпін беретінін атап өтті.
Жиын барысында аудан жастарының да жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп отырғаны айтылды.
Қорытындылай келе, аудан активі Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын толық қолдайтынын жеткізді. Аудан әкімі тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.