Бүгін 20 қаңтар күні Бәйтерек ауданы БЖСМ, Бәйтерек спорт клубы және Бәйтерек аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Бәйтерек ауданында шаңғы спортынан әртүрлі санаттағы спортшы ерлер мен әйелдер және жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында аудан біріншілігі өтті.
Жарысқа 50-ден астам шаңғышы қатысып, өзара мықтыларды анықтады. Жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен бәсеке де жоғары дайындық деңгейі, төзімділік пен спорттық рух айқын байқалды.
Тартысты өткен дода да жүлделі орын иегерлері анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды.