Раздольное ауылдық округінің әкімі тағайындалды.

Раздольное ауылдық округінің әкімі тағайындалды.
Аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы №5 шешіміне сәйкес Раздольное ауылдық округінің әкімі болып AMANAT партиясы ұсынған Ербулатов Булат Хайруллович тағайындалды.
Арнайы ұйымдастырылған жиында аудан әкімінің орынбасары Е. Галиев пен Бәйтерек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р. Ихласов округ әкімін таныстырып, ҚР Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлік табыстады.
Ауыл тұрғындары қайта сайланған әкімге қолдау білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Елді-мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табады деген сенім білдірді.
Сайланған әкімнің жауапты қызметіне табыс, ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тілейміз!