Бүгін ауданға жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі Мақсат Жақияұлы Мұқанов, сондай-ақ БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің, «Қазсушар» РМК БҚО филиалының және БҚО Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының өкілдері келді.
Сапар аясында Белес, Ақжол, Қайнар, Переметный және Зеленый ауылдарында салынған қорғаныс бөгеттеріне зерделеу жүргізіліп, 2026 жылға арналған су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қаралды.
Тексеру қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.