
Аудан әкімдігі кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған бойынша отырыс өткізілді. Комиссия мүшелерінің бір ауыздан шешіміне сәйкес, қолайсыз өмірлік жағдайға тап болған кәмелетке толмағанға қатысты профилактикалық және оңалту шаралары қабылданып, арнайы оқу орнына жіберуге ұсыныс берілді. Баланың құқыққа қайшы мінез-құлқының алдын алу, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету мақсатында тиісті органдарға нақты тапсырмалар берілді.