Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылында заманауи спорт залының салтанатты ашылу рәсімі өтіп, нысан ресми түрде пайдалануға берілді.
Жобаның тапсырыс берушісі — «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.». Спорт залдың құрылысын «Energostroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды. Құрылыс көлемі 15 793 м³ құрайды.
Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов, «AMANAT» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, БҚО дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ мердігер компаниялардың басшылары қатысты.
Жаңа спорт залы ауыл тұрғындарына дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысуға, жастар мен жасөспірім балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ түрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.