Бұл күн – еліміздің еркіндігі мен болашағына деген үміт пен сенімнің символы. Тәуелсіздік біздің ең қымбат байлығымыз, оны қорғап, әрі қарай нығайту – әрқайсымыздың міндетіміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткеніндей, Тәуелсіздік – мемлекеттіліктің берік тірегі, тарихы бай, тамыры терең Қазақстан үшін бұдан асқан құндылық жоқ. Бұл – ең қымбат қазына. Сондықтан, біз ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікті бағалаймыз. Егемендік – әр халықта бола бермейтін баға жетпес игілік.
Бүгінде еліміздің тәуелсіздік алғанына отыз төрт жыл толып отыр. Осы қысқа мерзім ішінде қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан үлкен жолдан өтті. Біз жас мемлекетіміздің тұрақты экономикалық өсуін, тиімді әлеуметтік қорғау жүйесін және халықаралық қауымдастықтағы беделін лайықты түрде мақтан етеміз.
Қазіргі уақытта елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған саяси реформалар жүргізілуде. Республиканың әрбір тұрғыны болашаққа сеніммен қарап, Жаңа, Әділдетті Қазақстанды құруға белсене атсалысуда.
Еліміздің басты құндылығын нығайтуға Бәйтерек ауданының тұрғындары да өз үлестерін қосуда. Ауданның ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік секілді экономиканың негізгі салаларындағы табыстарына қуанбасқа болмайды.
Құрметті жерлестер!
Сіздерге байтақ Бәйтерегіміздің игілігі жолындағы күнделікті еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын!
Бұл мереке баршамызға біздің ортақ Отанымыздың, бүгінгі және келер ұрпақтардың жарқын болашағына деген сенім мен күш-қуат берсін! Алда бізді жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен береке, жақсылық және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!
Тәуелсіз Қазақстанымыз нығайып, гүлдене берсін!