Өнерге адал 50 жыл!

Өнерге адал 50 жыл!
Ауданымызда Халықтық «Скифы» вокалды-аспапты ансамблінің 50 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті.
1975 жылдан бері бірнеше буынды өнерге баулыған, әуезді сазымен талай жүректі тербеген, «Скифы» — ауданымыздың мақтанышы, өнер мектебі және жарты ғасырлық тарихы бар аңыз ұжым.
Кеш барысында ұжымның қалыптасу кезеңінде оның дамуына үлес қосқан өнер жанашырлары – Гизат Мұхамбетов, Валерий Старченко, Владимир Семенев, Виктор Каманин есімдері кеш барысында ерекше аталды, әр жылдардағы музыканттар сахнаға қайта оралып, көрерменге ерекше рухани кеш сыйлады.
Сахна төрінде кеш қонақтары ВАА «Тасқала» ансамблі және белгілі орындаушылар Марат Сарбөпеев, Алма Аюпова, Тимур Тапалов, Геннадий Утебалиев, Ақмарал Ахметова
өздерінің әсерлі орындауларымен мерекелік кештің сәнін кіргізіп, «Скифы» ансамблінің 50 жылдық мерейтойын ерекше әрледі.
Кеште Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ерсайынұлы құттықтау сөз сөйлеп, Бәйтерек ауданының әкімі Тоғжанов Марат Лұқпанұлының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Мерейтойлық кештің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен аудан азаматтарына ерекше алғыс білдіріледі. Атап айтсақ:
ЖШС «Агросервис-Батыс» басшысы Бисенов Армат Ғимранұлы,
ЖШС «Асанов» басшысы Асанов Бейбіт Батниязович,
ЖШС «Белес Агро» басшысы Жекебаев Мұрат Орынбайұлы,
ТОО «Жеңіс Агро» басшысы Чиров Юрий Васильевич,
«Дүйсен» шаруа қожалығының басшысы Залмуканов Тілек Дүйсенұлы.
Демеушілер атынан «Агросервис-Батыс» ЖШС басшының орынбасары Имашев Дархан Есенкелдіұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерейтой иелеріне арнайы статуэтканы табыстады.
«Скифы» ансамблінің сахнадағы даңғыл жолы – аудан мәдениетінің өшпес мұрасы ретінде тарих беттеріне енеді