Щаповта Жаңа Мәдениет Ошағы Есігін Ашты!

Щаповта Жаңа Мәдениет Ошағы Есігін Ашты!
Бәйтерек ауданының Щапов ауылында көптен күткен жаңа ауылдық клуб ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жаңа ғимарат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған. Сонымен қатар, клуб ішіндегі Щапов ауылдық кітапханасы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жаңартылып, заман талабына сай жабдықталды.
Салтанатты шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Ораз Нұрділдә Серікұлы, аудан әкімі Тоқжанов Марат Лұқпанұлы бастаған құрметті қонақтар қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.
Салтанатты рәсім барысында «СКФ – Отдел Строй» серіктестігінің басшысы Михно Валентина Павловна клубтың нышандық кілтін клуб басшысы Қанат Мажитұлұна табыстады.
Ауыл ақсақалы Жұбанов Бақыт атамыз жаңа ошаққа ақ батасын берді.
Салтанатты лентаны қию құрметі Ораз Нұрділдә Серікұлына және ауыл ардагері Жұбанов Бақыт ағамызға бұйырды.
Ресми бөлімнен кейін мереке Щапов ауылы және Бәйтерек ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламаға ұласты.
Бұл жаңа клуб Щапов ауылының мәдени және рухани орталығына айналып, тұрғындардың игілігіне қызмет ететін болады.