Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, оларды шешу бағытында жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі азаматтарды бекітілген кестеге сәйкес келесі күндерде қабылдайды:
• Сейсенбі күні – Дариян ауылы, Абылай хан көшесі 52 мекенжайындағы Дариян ауылдық мәдениет үйінде 10:00–12:00 аралығында;
• Сәрсенбі күні – Переметный ауылы, Гагарин көшесі 139 мекенжайындағы Бәйтерек аудан әкімі аппараты ғимаратында 10:00–12:00 аралығында.
Азаматтарды қабылдауға алдын ала жазылу бірінші кезекте eGov Mobile қосымшасы арқылы «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру жолымен жүзеге асырылады. Қосымшаға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, жазылу 8 (71130) 22 8 75 нөмірі арқылы жүргізіледі.