ВИЦЕ-МИНИСТР БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

ВИЦЕ-МИНИСТР БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21 қарашада ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев жұмыс сапары аясында Бәйтерек ауданының бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарын аралады.
Алдымен Макаров ауылында салынып жатқан мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының барысын көріп, мердігердің жоспарлары мен орындалу деңгейімен танысты.
Одан әрі вице-министр Жалын ауылындағы «Аманат – 2022» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне барып, құс шаруашылығының дамуы, ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету және лизингтік бағыттағы жұмыстар жайында ақпарат алды. Кооперативтің ауыл экономикасын қолдаудағы үлесі мен алдағы жоспарлары талқыланды.