Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу – басты назарда!

Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу – басты назарда!
Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу – басты назарда!
Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі қаралды.
Комиссияның төрағасы Е.Галиев, аудандық прокуратураның бас прокуроры А.Меңлібаев және комиссия мүшелері қатысты.
Отырыста отбасы ішіндегі келеңсіз жағдайлардың балалардың психологиялық жағдайына әсері талқыланып, әлеуметтік қызметтер, білім беру ұйымдары және полиция өкілдерімен бірлескен алдын алу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім азаматтармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу, сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары туралы ақпараттандыру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.
👩‍👧‍👦 Басты мақсат – әр отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың зорлықсыз, тыныш ортада өсуіне жағдай жасау.