Бүгін ауданда пандемияға қарсы әрекет жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.

Бүгін ауданда пандемияға қарсы әрекет жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.

Отырысқа төрағалық еткен аудан әкімі Марат Тоқжанов сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, санитарлық талаптарды орындамағандарға заң аясында шара қабылдауды тапсырды. Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің айтуынша, ауданда үй жағдайында той-құдалық жасап, шектен тыс көп адамның басқосуына себепші болып отырғандар әлі де бар. Сондай-ақ адам көптеп жиналатын сауда орындарында санитарлық талаптарды бұзу фактілері анықталған.

Штаб отырысында Ресеймен шекарадағы "Сырым" өткізу бекетінде қалыптасқан жағдай талқыланды. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қазандағы 55 Қаулысына орай шекарадағы өткізу бекеті арқылы келген жолаушылар қатаң тексерілуде. Бәйтерек аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы О.Саковичтің айтуынша, бекеттен тәулігіне мыңға жуық адам өтуде. Көрші елден келушілерді тексеру орталығына жеткізу, сауалнама толтыру жұмыстарын жүргізуде қиындықтар бар.